Негізгі Жаңалықтар Баспана құрылысы қарқын алмақ

Баспана құрылысы қарқын алмақ

Қазақстанда тұрғын үй құрылысын қолдауға 900 миллиард теңгеден астам қаржы бағытталады. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 30 пайыздан асады деп күтілуде. 

Былтыр тұрғын үй құрылысына 707 миллиард теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсеттік, – деді Қазақстанның тұрғын үй компаниясы басқармасының төрағасы Алтай Күздібаев. Оның айтуынша, келесі жылы компания құрылыс саласын қолдауды жалғастырады. Бұл жұмыс тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен энергетика секторын жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында да жүзеге асырылады. «Биыл осы мақсаттарға әкімдіктерге 200 миллиард теңге бөлдік. Келесі жылы жеке нысандар мен жобалар да қамтылады. Әкімдіктер өз жұмыстарын жалғастырады. Жалпы, осы бағыттағы қаржыландыру көлемі 300–400 миллиард теңгеден асады деп күтілуде. Қазір нақты қандай жобалар жүзеге асырылатынын қарастырып жатырмыз», – деп толықтырды компания басшысы.

Бөлісу