Негізгі Жаңалықтар Маман кеңесі – мәселе шешімі

Маман кеңесі – мәселе шешімі

Қостанайда тұрғын үй мәселелеріне арналған бірыңғай қызмет алушылар күні өтті. Кездесу барысында баспанаға мұқтаж азаматтарға тұрғын үй бағдарламаларының талаптары, кезекке тіркелу және оның мәртебесін бақылау тәртібі түсіндірілді. Бастама халықтың мемлекеттік қызметтер туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған.

Тұрғын үйге қатысты мемлекеттік қызметтер бірнеше кезеңнен тұрады. Оларды рәсімдеу кезінде туындайтын сұрақтарды шешу үшін бұл жолы жауапты мекемелердің мамандары бір алаңда бас қосты. Кездесуге қала әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімінің қызметкерлері мен банк өкілдері қатысып, азаматтардың өтініштері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мұндай формат әр мекемеге жүгінбей-ақ, мәселенің мән-жайын анықтап, қажетті кеңес алуға мүмкіндік береді.


Бөлісу