Қостанай облысы сайлауға әзір
Қостанай облысында мәслихат депутаттарын сайлауға дайындық жұмыстары пысықталды. Өңірге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров жауапты мекеме басшыларымен кездесіп, науқанға деген әзірлік барысын бағалады. Жиында дауыс беру учаскелерінің жағдайы, қоғамдық қауіпсіздік және азаматтардың сайлау құқығын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Жаңа Конституция аясында өтетін бұл саяси науқанға дайындық бірнеше бағыт бойынша жүргізіліп жатыр. Орталық сайлау комиссиясы 13 қазанда күнтізбелік жоспарды бекітіп, оны еліміздің барлық өңіріне жолдаған. Қазір сайлау комиссиялары ұйымдастыру жұмыстарын пысықтап, дауыс беру процесінің талапқа сай өтуіне әзірленуде.