Ет экспорты артты
Еліміз биыл сиыр етінің экспортын 43 мың тоннаға дейін жеткізді. Бұл өткен жылдың толық көрсеткішімен салыстырғанда 34,4 пайызға жоғары.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың мәлімдеуінше, 2026 жылы Қазақстаннан экспортталған сиыр етінің көлемі 43 мың тоннаға жеткен. Сонымен қатар шетелге 30 мың тонна қой еті жөнелтілген. Қазіргі таңда елімізде 2026–2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді жоспар жүзеге асырылуда.
Құжат аясында еттің барлық түрі бойынша өндіріс көлемін 1,2 миллион тоннадан 1,8 миллион тоннаға дейін, ал ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы сүт өндірісін 1,4 миллион тоннадан 2,1 миллион тоннаға дейін арттыру көзделген.