Негізгі Жаңалықтар Құрылысы тұралап қалған нысан

Құрылысы тұралап қалған нысан

Осы салаға қатысты тақырыпты жалғастырсақ, Қонайдағы «сақалды құрылысқа» айналған мектептің құрылысына қатысты облыс әкімі пікір білдірді. 900 орынға шақталған білім ошағын салу 2021 жылы басталғанымен, әлі күнге дейін аяқталған жоқ. 

Алғашқы мердігер жұмысы аяқталмаған соң, бірнеше рет мердігер ауыстырып, түрлі кедергілерге тап болды. Құрылыс барысында спорт залы шатырының бір бөлігі опырылып, нысанның сапасына қатысты сұрақтар туындады. Салдарынан 900 оқушыға арналған білім ордасының құрылысы сиырқұйымшақтанып, созылып кетті. Енді ғимаратты әрі қарай салмас бұрын, оның қауіпсіздігіне басымдық берілмек. Ол үшін арнайы күшейту жұмыстары жүргізіліп, тиісті сараптама қорытындысы ескерілуі тиіс. Ал мектептің қашан пайдалануға берілетіні осы жұмыстардың нәтижесіне байланысты болмақ. 


Бөлісу