Ешбір отбасы назардан тыс қалмайды
Психологиялық және құқықтық көмек, әлеуметтік қолдау, қиын жағдайға тап болған отбасыларға жан-жақты жәрдемдесу мақсатында Қостанайдағы «Отбасын қолдау орталығы» жыл басынан бері 845 өтініш қабылдаған. Тұрғындар қандай мәселелермен жүгінеді және орталық қандай көмек көрсетеді? Бұл туралы қала әкімдігіндегі жиында айтылды.
2026 жылдың қаңтарынан бастап Отбасын қолдау орталығы жеке мекеме ретінде жұмыс істейді. Мұнда қиын жағдайға тап болған отбасылар мен азаматтарға психологиялық, құқықтық және әлеуметтік көмек көрсетіледі. Сондай-ақ тұрғындарға мемлекеттік қызметтер мен әлеуметтік қолдау шараларын алуға жәрдемдеседі.
Орталық жұмысының нәтижесі нақты істерден көрінеді. Мәселен, бір әйелге баласының әкелігін анықтап, алимент өндіруге жәрдемдескен. Нәтижесінде баланың құқығы қорғалып,
көрсетілген. Тағы бір азаматқа құжаттарын қалпына келтіріп, жұмысқа орналасуға көмектескен. Қазір ол жанармай құю бекетінде жұмыс істейді. Ал пробациялық бақылауда жүрген азаматқа банк шоттарындағы шектеулерді алып тастауға құқықтық көмек көрсетілген.
Әр өтініштің артында көмекке мұқтаж отбасының тағдыры тұр. Сондықтан орталық алдағы уақытта да тұрғындарға қолдау көрсетіп, қиын жағдайға тап болған жандарға дер кезінде көмек беруді жалғастырмақ. Басты мақсат – ешбір отбасының мәселесі назардан тыс қалмауы.