Алдағы айда ауа райы қандай болмақ?
Синоптиктердің консультативтік болжамына сәйкес, желтоқсан айында ауа температурасы климаттық нормадан 2 градусқа жоғары болады деп күтілуде. Алайда қыс мезгіліне тән құбылмалы ауа райы сақталады. Жылы күндерден кейін аяз күшейіп, өңірде қыс қаһарына мінуі мүмкін.
Мамандардың болжамынша, желтоқсанның алғашқы күндерінде күн суытып, түнгі ауа температурасы 17–22 градусқа дейін төмендейді. Ал күндіз 11–16 градус аяз болады. Екінші және үшінші онкүндіктің басында күн біршама жылынғанымен, айдың соңында аяз қайта күшейеді. Түнгі температура 24 градусқа дейін төмендеп, облыстың оңтүстік-шығысында 29 градус аяз болуы ықтимал.