Қостанайда колледж жатақханасынан өрт шықты
Қостанайдағы колледж жатақханасында өрт шықты. Жалын 2 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт таңғы сағат 06:43-те толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері мәлімдеді.