Негізгі Жаңалықтар Орақ науқанының қорытындысы: өнім мол, міндет көп

Орақ науқанының қорытындысы: өнім мол, міндет көп

Егін жинау бойынша Қарабалық пен Федоров аудандары көш бастап тұр. Мұнда әр гектардан орта есеппен 21,1 центнерден астық алынған. Үздіктер қатарына Ұзынкөл, Сарыкөл мен Меңдіқара аудандары да кірді. Бұл т уралы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы облыстық әкімдікте өткен отырыста айтты.  

Биыл егін жинау науқаны уақытылы әрі өнім сапасы төмендемй аяқталды. Бұған қолайлы ауа райы жағдайы мен шаруашылықтардың техникалық жарақтандырылуы оң әсер етті. Соның арқасында көш басынан түспей келе жатқан аудандардың бірі - Ұзынкөл ауданы. 178 агроөнеркәсіптік кешені бар аудан бірнеше жыл қатарынан жоғары өнімділік көрсетіп келеді. 

Келер жылғы егіс науқанын алдын ала қаржыландыру жұмыстары биыл қазан айынан басталды. Бүгінге дейін тек 21 өтінім түскен. Оның құны 2,9 млрд теңге деп есептеліп отыр. Осыған байланысты өңіір басшысы аудан әкімдеріне бірқатар тапсырма берді. Олар: шаруашылықтармен жұмысты жандандыру, өтінімдерді уақытылы тапсыру және көктемгі дала жұмыстарына алдын ала дайындалуға жағдай жасау.

Отырыста азық-түлік өнімдерін сақтау мәселесі де қаралды. Көкөніс қоймаларының жалпы сыйымдылығы 87 мың тоннаны құрайды. Алайда, олардың тек жартысы ғана климаттық бақылау жүйесімен жабдықталған. Осыған орай шаруашылықтарға күз кезінде өнімін облыстан тыс жерлерге сатуға тура келеді. Ал тиісті жағдайы болса, өнімді көктемге дейін сақтап, тиімді бағамен сатуға мүмкіндік бар, деді облыс әкімі.


Бөлісу