Негізгі Жаңалықтар Қостанайда 50 мың адам жер кезегінде тұр

Қостанайда 50 мың адам жер кезегінде тұр

Қостанайда 50 мың адам жер телімін алу үшін кезекте тұр. Олар үшін учаскелер бұған дейін Дружба және Северо-западный шағын аудандарынан берілсе, қазір Қонайдағы бос жерлерде рәсімделіп жатыр. 2018 жылдан бері бұл аумақта су, кәріз құдықтары, жылу желілері, көгілдір отын мен жарық жүргізілген. Шағын ауданға апарар жолдың да құрылысы былтыр аяқталған. 

Инфрақұрылымына 19 млрдтан астам қаржы жұмсалған шағын ауданда үй салу үшін 1967 учаске белгіленген. Ауданы 0,08 гектарға дейінгі 1668 жер кезекте тұрғандарға беріледі. Ол жерге 967 бір қабатты, 701 екі қабатты үй салынуы қажет. 

Бос жер учаскелерін бөлумен қатар, Қостанай қаласының әкімдігі бюджет қаражаты есебінен салынған 124 бір және екі қабатты жеке тұрғын үйді сату жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аталған үйлер 2025 жылы пайдалануға берілген. Айта кетейік, жыл басынан бері жер қатынастары бөліміне баспана сатып алуға ниетті 500-ден астам азамат жүгінген.



Бөлісу