Негізгі Жаңалықтар Автобустарда қолма-қол төлем тоқтатылуы мүмкін

Автобустарда қолма-қол төлем тоқтатылуы мүмкін

Қостанайда қоғамдық көлікте жолақыны қолма-қол ақшамен төлеу тоқтатылуы мүмкін. Қазір қалада қалалық және қала маңы бағытындағы автобустарды толықтай электронды төлем жүйесіне көшіру мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл өзгеріс жолаушыларға жолақы төлеуді жеңілдетіп, автобусқа отыру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Жаңа тәртіп енгізілген жағдайда жолаушылар жолақыны банк карталары, көлік карталары, мобильді қосымшалар мен ұялы байланыс операторларының қызметтері арқылы төлей алады. Айта кетейік, 2026 жылғы 1 тамыздан бастап Қостанайдағы электронды жолақы төлеу жүйесінің операторы болып «SMS BUS» компаниясы белгіленді. Ал бұған дейін шығарылған ALEMPAY көлік карталары қолданыста қала береді. Оларды толықтыруға да мүмкіндік бар.


Бөлісу