Негізгі Жаңалықтар Жасанды интеллект – өңір дамуының жаңа мүмкіндігі

Жасанды интеллект – өңір дамуының жаңа мүмкіндігі

Фермерлерге цифрлық агробіліктілікті үйрету үшін халықаралық спикерлерді шақыру қажет. ЖИ мен цифрландыру мәселесі талқыланған отырыста Құмар Ақсақалов дәл осындай тапсырма берді. Себебі, бұл сала - ел болашағын айқындайтын маңызды бағыттар.


Қазір облыста орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2029 жылға дейінгі Digital Qostanai өңірлік даму стратегиясы әзірленіп жатыр. Стратегия аясында облыста ірі цифрлық жобаларды іске асыру көзделген. 


Тұрғындардың өмірін жеңілдететін жобалар да жүзеге асырылуда. Мысалы, Лисаков қаласында су, жылу және басқа да коммуналдық қызметтердің көрсеткіштерін қашықтан жіберетін 1 357 есептегіш құрал орнатылған. Ал Қостанайда Smart Qostanai қосымшасы арқылы тұрғындарға қажетті кеңестер мен көмек алуға болады. Ал білім саласында облыстың 5 


мыңнан астам педагогі жи платформасының лицензиясын алған. Сонымен қатар, өңірдегі 7 мектептің 433 оқушысы жасанды интеллект технологияларын меңгеріп, осы бағытта білім алуда. Шамамен 3 жыл бұрын есігін ашқан Қостанай хабта сұранысқа ие IT мамандарын дайындайтын жи мектебі жұмыс істейді.  


Жасанды интеллект саласын дамыту бағытында арнайы қауымдастықтың да жұмысы маңызды. Оның негізгі мақсаты осы салаға қызығушылық танытқан мамандар мен жастарды біріктіріп, жаңа технологияларды дамытуға қолдау көрсету. Қауымдастық аясында тәжірибе алмасып, жасанды интеллектіні түрлі салада қолдану мүмкіндіктері қарастырылады. 

Бөлісу