Жаңа реформа жоспары
Қазақстанда әскери қызметтің жаңа үлгісіне көшу ұсынылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында әскери реформа жоспары таныстырылды. Мемлекет басшысы заманауи, ұтқыр әрі технологиялық тұрғыдан озық армия қалыптастырудың маңызын атап өтті.
Ұсынысқа сәйкес, мерзімді әскери қызмет екі кезеңге бөлінбек. Алғашқы алты айда сарбаздар оқу орталықтарында арнайы даярлықтан өтсе, келесі жарты жылда әскери бөлімдерде қызмет етеді. Сонымен қатар отырыста әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мәселелері де кеңінен талқыланды.