Қауіпке қарсы қам: құтқарушылардың дайындығы қандай?
Қостанай облысында төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өндірістік нысандарды бақылау мәселелері қаралды. Өңір әкімдігінде Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұхановтың қатысуымен өткен жұмыс кеңесінде жыл басынан бергі атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды. Жиында құтқару қызметтерінің әзірлігі, қауіпті өндірістік нысандардағы қауіпсіздік талаптарының сақталуы және көктемгі су тасқынына дайындық мәселелеріне басымдық берілді. Сондай-ақ анықталған заңбұзушылықтар мен оларды жою шаралары сөз болды.
Толығырақ бүгін 20:30-да «ARQA AQPARAT» қорытынды жаңалықтарынан көріңіздер.