Негізгі Жаңалықтар Сүт фермасы: өндіріс пен өріс

Сүт фермасы: өндіріс пен өріс

Меңдіқаралық кәсіпкер бие сүтінен косметикалық өнім өндіру ісін қолға алмақ. Жалпы, аудандағы шаруашылықтың тынысы кең. Мал өсірумен қатар, сүтті терең өңдеуді жолға қойған кәсіпорын өндіріс көлемін арттырып, жаңа жобаларды жүзеге асыруға ниетті. Осылайша ауданда ауыл шаруашылығының мүмкіндігін кеңейіп келеді. 

Сүттілігі жағынан дүние жүзінде бірінші орындағы голштин тұқымы. Әр аудандағы сүт тауарлы ферма басшыларының таңдауы осы ірі қараға ерекше түсіп жатыр. Соның бірі Меңдіқарадағы «Каменскуральск» ЖШС. Жұмыс істей бастағанына енді ғана бір жыл болатын фермада қазір 1200 бас мал бар. Оның 600-і сауын сиырлар. 

Осы шаруаны дөңгелетіп отырған басшылар тағы да 800 басқа арналған ферма салуды көздеп отыр. 10 гектар жерде бұзаулар 2, сиырлар тұратын 3 малқора, сауу ғимараты бар. Бұл - Меңдіқарадағы үлкен алғашқы ферма. 

Кең аумақтың бір жағында бұзауларға арналған үлкен және кішкентай екі қора бар. Үлкенінде 250 бас, шағынында 166 тана тұрады. Жынысына, жасына сай жеке-жеке тұрады. 

Ал, мына құрғақ бие сүтін өндіретін зауыт жұмысын үш жыл бұрын бастаған. Қазақстанның көп қаласына, одан бөлек Қытайға дейін өнім экспорттайтын кәсіпорынның қуаттылығы жылына 40 тонна. Ұзақ уақыт сақтасаң да сапасын жоғалтпайтын бірегей өнімді шығару туралы шетелдік инвестор ой салып, оны Мейрам Ахметжанов қолға алған. 

Шаруашылықта бір мезетте 8 бие сауатын германиялық құрал қойылған. Мал арнайы орынға кіргізіліп, сауу аппараттары автоматтандырылған басқару жүйесі арқылы қосылады. Оның да өз тәртібі бар. 

Кәсіпорын мұнымен тоқтап қалмақ емес. Алдағы уақытта саумалдан косметикалық өнімдер шығаруды да жоспарлап отыр. Яғни, бүгінде құрғақ сүт өндірумен айналысатын шаруашылық енді өнім түрін көбейтіп, жаңа нарықты игеруге ниетті. Бұл - жергілікті шикізатты терең өңдеп, одан қосымша құны жоғары өнім алуға бағытталған тың бастама. 


Бөлісу