Елді мекендерді дамытуға бағытталған бастама
Қазақстанда құрылыс саласының ауқымын кеңейту көзделіп отыр. Мемлекет басшысы «Халықтық құрылыс» бастамасын таныстырып, 2027 жылды «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» деп жариялау жоспарын айтты. Бастама аясында елді мекендерде әлеуметтік маңызы бар нысандар салынып, халықты газбен және таза ауызсумен қамту жұмыстары жалғаспақ. Президент ұсынған бұл бастаманы Қостанай өңірінің зиялы қауым өкілдері де құптап отыр.