Негізгі Жаңалықтар Джаз ырғағындағы фестиваль

Джаз ырғағындағы фестиваль

Қостанайда джаз музыкасын сүйетіндердің басын қосқан дәстүрлі «Jazz Bomond – 2026» фестивалі өтті. Биыл алғаш рет іс-шараның ашылу кеші концерт залында емес, Жастар сарайының холында ұйымдастырылды. Музыканттар көрермендерге джаздың сан түрлі бағытын ұсынып, кештің шырайын кіргізді.

Фестивальге Қостанай, Ақтөбе, Астана, Алматы, Петропавл қалаларынан, сондай-ақ Ресейдің Магнитогорск және Челябі қалаларынан келген музыканттар қатысты. Олар джаз классикасы мен свинг ырғақтарын орындап, музыкалық шеберліктерін көрсетті. Кеш барысында Ақтөбеден келген Мербол Құспанов жетекшілік ететін Қазақ камералық хорының өнері ерекше әсер қалдырды. Ал Ресейдің Магнитогорск қаласынан келген Brass Pulse тобы бес жылдық үзілістен кейін сахнаға қайта оралды. Бағдарлама аясында Тарас Мызин жетекшілік ететін Қостанайдың камералық оркестрі, Алматының JU band тобы, Челябі қаласынан Валерий Сундаревтің джаз ансамблі де өнер көрсетті. Сондай-ақ Франциядан келген Мистер Мелвин Санкт-Петербургтен келген Алексей Черемизов квартетінің сүйемелдеуімен ән шырқады. Осылайша, «Jazz Bomond – 2026» фестивалі түрлі елдің музыканттарын бір сахнада тоғыстырып, көрерменге джаз өнерінің қайталанбас атмосферасын сыйлады.



Бөлісу