Негізгі Жаңалықтар Қостанайлық журналистер спартакиада жүлдегері атанды

Қостанайлық журналистер спартакиада жүлдегері атанды

Семей қаласында бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында республикалық спартакиада өтті. Қостанай облысының журналистері спорттың бірнеше түрінен бақ сынап, өңір намысын абыроймен қорғады. Жарыс қатысушылардың спорттық шеберлігін шыңдап, командалық бірлігін нығайтты. Қостанай телеарнасының өкілдері де бәсекеге қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Додаға еліміздің батыс, шығыс және солтүстік өңірлерінен келген бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері қатысты. Олар тоғызқұмалақ, үстел теннисі, киберспорт, волейбол және шағын футболдан өзара мықтыны анықтады. Қостанай телеарнасының атынан Рахат Сейтхан, Бейбіт Нұрмұхан және Жанар Ержанова тоғызқұмалақтан бақ сынап, жалпыкомандалық есепте 1-орын иеленді. Сонымен қатар Қостанай облысының өкілдері үстел теннисі мен киберспорттан 3-орынға ие болды.


Бөлісу