Облыста 19,3 миллион ағаш отырғызу жоспарланған
Облысымызда орман қорын молайту және жасыл желекті көбейту жұмыстары жалғасып жатыр. Биыл өңірде 19 миллионнан астам ағаш көшетін отырғызу жоспарланған. Жыл басынан бері оның 15 миллионнан астамы егілді.
Орман алқаптарын қалпына келтіру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Биыл облыста 2 мың 781 гектар аумаққа 19,3 миллион көшет отырғызу көзделген. Оның 12,9 миллионы көктемгі науқанда егілді. Ал күзде тағы 6,4 миллион көшет отырғызу жоспарланған. 19-шы қазандағы мәлімет бойынша, күзгі науқан аясында 393 гектар жерге 2,2 миллион көшет егілген. Жоспарланған межеге жету үшін әлі 4,2 миллион көшет отырғызу қажет. Бұл жұмыстарға өңірдегі 10 орман тәлімбағы үлес қосып, көшет өсіру мен орман қорын қалпына келтіруді қамтамасыз етіп отыр.