Менің елім – менің туым
Республика күніне орай «Менің елім – менің туым» акциясы аясында қаладағы ЖОО-ның бірінде 40-тан астам ту ілінді.
Аталған акция қала тұрғындарының назарын мемлекеттік рәміздерге аударып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған. Ғимараттарға ілінген көк байрақтар еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің символы ретінде қала көркін айшықтай түсті. Акция аясында Мемлекеттік Туды ілу арқылы білім ордасы елдік құндылықтарды дәріптеуге және жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға үлес қосты.