Негізгі Жаңалықтар Жылжымайтын мүлікке қатысты бірқатар мемлекеттік қызмет уақытша тоқтайды

Жылжымайтын мүлікке қатысты бірқатар мемлекеттік қызмет уақытша тоқтайды

Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры мен Жария кадастрлық картасында техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты жүйелер 2026 жылғы 23 қазан сағат 19:00-ден 27 қазан сағат 00:00-ге дейін уақытша қолжетімсіз болады. Техникалық жұмыстар Қазақстанның жаңа мемлекеттік координаттар жүйесі — QazTRF-23-ке көшуіне байланысты жүргізіледі.

QazTRF-23 — жер учаскелері, ғимараттар, жолдар және басқа да нысандардың орналасқан жерін дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін заманауи координаттар жүйесі. Жаңа жүйеге көшу аясында мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі кеңістіктік деректер, цифрлық карталар мен сервистер жаңартылады. Осыған байланысты техникалық жұмыстар жүргізілетін кезеңде жер кадастрына, жылжымайтын мүлікті техникалық тексеруге және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге қатысты мемлекеттік қызметтерге өтініш қабылданбайды. Дегенмен жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы электрондық анықтамаларды цифрлық сервистер арқылы алу мүмкіндігі сақталады.


Бөлісу