Негізгі Жаңалықтар Жылыту маусымы: өрт қауіпсіздігі басты назарда

Жылыту маусымы: өрт қауіпсіздігі басты назарда

Жылыту маусымы басталғалы Қостанай облысында 6 өрт тіркелді. Абырой болғанда, адам өлімі мен жарақаттану жағдайлары жоқ. Өрттің алдын алу мақсатында өңірде профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, тұрғын үйлердің қауіпсіздігі тексерілуде. Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтап, жылыту құрылғыларының жарамдылығына мұқият болуға шақырады.

Жылыту маусымы кезінде өрттің алдын алу мақсатында әлеуметтік осал топтағы тұрғындардың үйлері толық тексерілген. Нәтижесінде 5 090 отбасы есепке алынып, 763 үйдің мұржасы күйеден тазартылды. Бұдан бөлек, облыс әкімдігі көміртек тотығын анықтайтын 1 234 датчик сатып алған.

ТЖД мамандары тұрғындарды пештердің, мұржалардың және электр сымдарының жарамдылығын тұрақты тексеруге шақырады. Анықталған ақауларды уақтылы жойып, жылыту құрылғыларын қауіпсіз пайдалану қажет. Департамент жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өрттің алдын алу жұмыстарын әлі де жалғастырады. Мамандардың айтуынша, қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтау – өрттің алдын алып, адам өмірі мен мүлкін қорғаудың басты кепілі.


Бөлісу