Негізгі Жаңалықтар Үш онжылдық – кәсіби қалыптасу кезеңі

Үш онжылдық – кәсіби қалыптасу кезеңі

Журналистика – қоғам мен ақпаратты байланыстыратын, уақыт талабына сай үнемі өзгеріп отыратын сала. Бүгінде цифрлық технологиялардың дамуы мамандардан жаңа дағдыларды меңгеруді талап етеді. Бүгінде Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің журналистика кафедрасы болашақ мамандардың кәсіби шеберлігін арттыруға басымдық беріп келеді. Кафедраның 30 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған шеберлік сабағы осы мақсатты көздейді.

Әлеуметтік желілерге арналған қысқа роликтер, деректі фильмдер мен коммерциялық жарнамалар – сұранысқа ие бағыттардың қатарында. Мұндай өзгерістер журналистика саласында білім алып жүрген жастардан техникалық сауаттылықты, шығармашылық ізденісті және тәжірибелік дағдыларды талап етеді.

Бейнеоператорлық өнер ақпаратты көрнекі жеткізуге, оқиғаны бейне арқылы баяндауға және көрерменнің назарын аударуға мүмкіндік береді. Бұл дағдылар қазіргі медиамаманның кәсіби мүмкіндігін кеңейтеді.

30 жылдық тарихы бар журналистика кафедрасының негізгі міндеті – кәсіби білімі терең, заманауи технологияларды жетік меңгерген және қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінетін мамандар даярлау. 

Ал тәжірибелік шеберлік сабақтары студенттердің кәсіби тұрғыда қалыптасуына, өңірлік медианың дамуына үлес қосуға жол ашады.



Бөлісу