Екі автокөлікті заңсыз иеленген үш адам анықталды
Қостанайда екі автокөлікті заңсыз иеленуге қатысы бар үш ер адам анықталды. Полиция мәліметінше, күдіктілердің әрекеті бір жол-көлік оқиғасымен шектелмеген. Қылмысқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Алдын ала мәлімет бойынша, алкогольдік масаң күйде болған ер адамдар әуелі ГАЗ маркалы автокөлікті заңсыз иеленіп, жол апатына ұшыраған. Бұдан кейін олар Audi маркалы көлікті де заңсыз иеленген. Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Құқық қорғау органдары көлік құралын заңсыз иелену қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді.