Ыбырай мұрасы – мәңгілік
Қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай Қостанайда тағылымды кездесу өтті. Басқосуға ағартушының педагогикалық дәстүрін жалғастырып жүрген ұстаздар мен Ресейден келген қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. Жиында ұлт ұстазының білім беру саласына қосқан үлесі, өнегелі өмір жолы және оның идеяларының қазіргі білім жүйесіндегі маңызы талқыланды.