Шаһарды шырайландыру шаралары ширақ
Қостанайда қаланы абаттандыру және қоғамдық кеңістіктерді көркейту жұмыстары жалғасып жатыр. Көктем-жаз айларында «Таза Қазақстан» акциясы аясында саябақтар мен демалыс орындарында тазалық жұмыстары жүргізіліп, көгалдандыруға басымдық берілді. Бұл іске тұрғындар да белсенді атсалысып, аулалар мен қоғамдық орындарда сенбіліктер ұйымдастырды. Былтыр пайдалануға берілген демалыс орындары да ретке келтірілді. Қазір абаттандыру жұмыстары тұрғын үйлердің аулаларын қамтып, қала тұрғындарына таза әрі жайлы орта қалыптастыруға бағытталған.