Көппәтерлі баспаналар бірыңғай тізімге енгізіледі
Қазақстандағы барлық көппәтерлі тұрғын үй бірыңғай тізілімге енгізіледі. Онда әр үйдің мекен жайы, қабат саны, пәтерлер мен баспана қатарына жатпайтын үй-жайлардың саны, техникалық жағдайы, лифттері мен есепке алу құралдары туралы ақпарат қамтылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі хабарлады.
Жұмыс «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңды іске асыру, сондай-ақ Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасы аясында жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, бұл мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және үйлерге техникалық тексеру ұйымдастыруды жоспарлау үшін қажет. Түгендеу жұмыстары «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 2-бабында көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй ұғымына