Оқушы тасымалдайтын автобустар тексерілуде
Жаңа оқу жылы қарсаңында Қостанай облысында балаларды тасымалдау қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді. Полиция қызметкерлері оқушыларды тасымалдайтын автобустардың техникалық жағдайын тексеріп жатыр. Көліктің жарамдылығы, қажетті құжаттары мен қауіпсіздік белдіктерінің болуы — басты назарда.
Тексеру барысында автобустардың негізгі тораптары мен механизмдерінің жарамдылығы қаралады. Жүргізушілердің қауіпсіздік талаптарын сақтауы да бақылауда. Полиция өкілдері балаларды тасымалдау кезінде кез-келген ақау мен немқұрайлылыққа жол беруге болмайтынын ескертеді. Себебі жолдағы қауіпсіздік ең алдымен жүргізушінің жауапкершілігі мен көліктің техникалық жағдайына байланысты. Профилактикалық шаралардың негізгі мақсаты — жаңа оқу жылында оқушылардың қауіпсіз қатынауын қамтамасыз ету.