Абаттанған аймақ, ажарланған өңір
Қостанай өңірінде тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыс жалғасуда. Қала мен аудан аумағында спорттық және туристік нысандар салынып, демалыс орындары жаңартылып келеді. Жаңа жобалар халықтың бос уақытын тиімді өткізуіне ғана емес, өңірдің инфрақұрылымдық әлеуетін арттыруға да ықпал етпек.
Болашақта триатлон саябағы маңында бой көтеретін фитнес клуб қаланың спорттық инфрақұрылымын дамыту, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруды және жаңа жұмыс орындарын ашуды басшылдыыққа алған. Оны салу, абаттандыру үшін 2,85 млрд теңге жұмсалады. Ал, фитнес залы бір мезетте 300 адамды қабылдай алады.