Негізгі Жаңалықтар Ойын арқылы оңалту

Ойын арқылы оңалту

Ойынға ғана емес, оңалтуға арналған құрал. Қостанайда ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған инновациялық құрылғы таныстырылды. Сырт көзге кәдімгі ойын джойстигіне ұқсайды. Алайда оның басты мақсаты – көңіл көтеру емес, қол саусақтарының моторикасы мен қозғалыс үйлесімділігін дамыту. 

Жобаның идеясы – оңалтуды қызықты әрі қолжетімді ету. Бұл тың ойдың иесі - Алина Алматова. Оның айтуынша, әсіресе балалар үшін жаттығудың ойын түрінде өтуі өте маңызды. Сондықтан ойын механикасы таңдалған. 

Алғаш қарағанда – кәдімгі ойын құрылғысы. Бірақ бұл джойстик арнайы тренажер ретінде жасалған. Құрылғы 3D-принтердің көмегімен дайындалады. Ең басты ерекшелігі – әр қолданушының физикалық мүмкіндігіне қарай бейімдеуге болады.Жоба қол қимылын басқаруы бұзылған адамдарға арналған. Оның ішінде балалардың церебралды сал ауруы және қол бұлшықеттерінің әлсіздігімен қатар жүретін өзге де дімкәстігі бар жандар пайдалана алады. 


Бөлісу

Аймақтық телеарналар