Негізгі Жаңалықтар «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды

Отбасы – қоғамның берік тірегі, тәрбиенің алтын бесігі. Осы құндылықтарды дәріптеуге бағытталған «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының облыстық кезеңі қорытындыланды. Байқауға өңірдің әр аудан-қаласынан қатысқан өнегелі отбасылар өздерінің берекелі тіршілігі мен ұрпақ тәрбиесіндегі тәжірибесін ортаға салды. Байқауға 100-ге жуық отбасы өтінім берген. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар мен арнайы марапаттар табысталды. 

Бұл байқаудың басты мақсаты – отбасы мәртебесін арттырып, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін күшейту, сондай-ақ ұлттық және адамгершілік құндылықтарды дәріптеу. «Мерейлі отбасы» байқауына өнерлі отбасылар, бірнеше буыны ағартушылық жолын жалғаған әулеттер, ішкі істер органдарында ұзақ жылдар еңбек еткен азаматтардың отбасылары және қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын шаңырақтар қатысуға өтініш берген.

Байқауға қатысқан отбасылардың бірі – өнерді өмірінің өзегіне айналдырған Алпысовтар әулеті. Бұл шаңырақта халық шығармашылығына деген құрмет ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Өнердің алғашқы дәнін әулетке Торғай өңіріне танымал жыршы, термеші Нағашыбай Алпыс сепкен. Ауыз әдебиетінің асыл мұрасын дәріптеп, елге өнеге болған өнерпаздың ізін бүгінде балалары мен немерелері жалғап келеді.



Бөлісу

Аймақтық телеарналар