Негізгі Жаңалықтар Судағы сын: жас туристер жарысы.

Судағы сын: жас туристер жарысы.

Қостанай облысында жастар арасында су туризмінің техникасынан облыстық жарыс өтіп жатыр. Биылғы бәсеке Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына арналған. Үш күндік сайысқа өңірдің әр елді мекенінен тоғыз команда қатысып, табиғат аясында өзара бақ сынасуда. Басты талаптардың бірі - судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау. 

Додаға Сарыкөл, Арқалық, Меңдіқара және Қостанай аудандарынан келген оқушылар қатысуда. Олар су туризміне тән техникалық кезеңдерді орындап, арқанды өткел, биіктік және судағы тапсырмаларда өз шеберліктерін көрсетеді. Мұнда дұрыс техникамен қатар, шапшаңдық, төзімділік және командалық үйлесім маңызды. 


Бөлісу

Аймақтық телеарналар