Негізгі Жаңалықтар Жаңа оқу жылына – жаңа бағыт

Жаңа оқу жылына – жаңа бағыт


Облыста қосымша білім беру педагогтері мен дене шынықтыру мұғалімдерінің тамыз секциялық кеңесі өтті. Мұнда мұғалімдердің тәжірибе алмасуына, заманауи әдістерді талқылауына және білім беру жүйесіндегі басым бағыттарды айқындауына мүмкіндік туды.

Биылғы тамыз кеңесі тәжірибе мен тың идея тоғысқан алаңға айналды. Облыстың әр түкпірінен жиналған қосымша білім беру бағытындағы педагогтер мен дене шынықтыру мұғалімдері өзара топқа бөлініп, жаңа оқу жылына қажетті дағдыларды ортаға салды.

Дене шынықтыру сабағы – оқушыны шынықтырып қана қоймай, салауатты өмір салтына бейімдеп, бойына тәртіп пен табандылықты сіңіретін маңызды бағыт. Сондықтан бұл саланың ұстаздары үшін жаңа әдіс пен тың ізденістің маңызы зор. Осы орайда бүгін дене шынықтыру мұғалімдері заманауи оқыту тәсілдерін талдап, сабақтың тиімділігін арттыратын әдістерді пысықтады. Мақсат – баланың спортқа қызығушылығын оятып, дене белсенділігін күнделікті дағдыға айналдыру.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар