Негізгі Жаңалықтар Өнердің тілі ортақ

Өнердің тілі ортақ

Қостанайда «Өнерім – өмірім» атты облыстық шығармашылық көрме ашылды. Экспозицияда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында тұратын азаматтардың қолынан шыққан туындылар қойылған. Сурет, қолөнер бұйымдары мен түрлі шығармашылық жұмыстардан құралған көрме биыл алғаш рет облыстық деңгейде ұйымдастырылып отыр.

Өнерде шектеу жоқ, шекара да жоқ. Көрмеге қойылған әр туындының өз тарихы бар. Бірі бояумен ойын жеткізсе, енді бірі қолөнер арқылы шығармашылық қабілетін танытқан. Бұған дейін мұндай көрмелер әр орталықтың өзінде ұйымдастырылып келген. Биыл бастама облыстық деңгейде қолдау тауып, бірнеше мекеме өкілдерінің жұмысы бір алаңда топтастырылды.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар