Негізгі Жаңалықтар Қала шетіндегі келеңсіз көрініс.

Қала шетіндегі келеңсіз көрініс.

Қостанайда Узкоколейная көшесі маңынан бірнеше бас жылқының өлексесі табылды. Тұрғындардың айтуынша, бұл аумаққа қоқыс бұрыннан заңсыз төгіліп келеді. Алайда бұл жолы жануарлар өлексесінің ашық жерге тасталуы жұрттың алаңдаушылығын туғызды. Оқиға орнынан түсірілген фото және видеолар редакцияға тұрғындар тарапынан келіп түсті. 

Қалалық әкімдіктің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі жағдайдан хабардар екенін мәлімдеді. Қазір мәселені жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алайда мал өлекселерін бұл жерге кім әкеліп тастағанын анықтау мүмкін болмай отыр. Себебі жақын маңда бейнебақылау камералары жоқ. Экология департаментінің коммуналдық шаруашылық бөлімі ветеринария басқармасымен бірлесіп жұмыс жүргізу үстінде. Ветеринария басқармасының мәліметінше, жануарлар жұқпалы ауруға шалдықпаған. Кейін олардың өлекселері арнайы мал қорымына жеткізіліп, талапқа сай жойылған. 



Бөлісу

Аймақтық телеарналар