Негізгі Жаңалықтар Жас инспекторлардың халықаралық слёті өз мәресіне жетті

Жас инспекторлардың халықаралық слёті өз мәресіне жетті

Қостанай облысында он күнге жалғасқан халықаралық жас инспекторлар слеті қорытындыланды. Ауқымды іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген оқушылармен қатар, шетелдік жас инспекторлар да қатысты. Жасөспірімдер түрлі сайыстарда бақ сынап, тәжірибе алмасып, өзара достық байланысын нығайтты.

21-ші халықаралық слетке қатысушылар Қостанайдағы IQostanay смарт-орталығында бас қосты. Жас инспекторлар 14 тамыздан бері түрлі іс-шараларға қатысып, жол қауіпсіздігі бағытындағы білімдері мен шеберліктерін ортаға салды. Слет барысында олар жол ережесін жетік білетіндерін көрсетіп, түрлі сайыстарда бақ сынады.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар