Негізгі Жаңалықтар Жастарға дер кезінде көмек көрсету маңызды

Жастарға дер кезінде көмек көрсету маңызды

Jastar Med орталығы – 10 мен 29 жас аралығындағы азаматтарға ақысыз негізде медициналық көмек ұсынатын орталық. Мұнда жастарға психологтар да қызмет көрсетеді. Орталыққа аутодеструктивті мінез-құлық байқалған жастар да жүгінеді. Мамандар олардың жағдайын назардан тыс қалдырмай, қажетті психологиялық қолдау жасап, қиын жағдайдан шығудың жолын табуға жәрдемдеседі.

Жастық шақ – арман мен ізденіске толы кезең. Дегенмен осы кезде жастар күйзеліс пен түрлі өмірлік қиындықтарға тап болуы мүмкін. Осы ретте орталыққа өзіне зиян келтіруге бейім мінез-құлық байқалған жастар жиі жүгінеді. Кәсіби психолог Жазира Ақанованың айтуынша, мұндай жағдайдың шешімі бар. Ең маңыздысы – қиындықты іште сақтамай, дер кезінде маман көмегіне жүгіну.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар