Негізгі Жаңалықтар Сапборд спортына қызығатындар көбейді

Сапборд спортына қызығатындар көбейді

Қостанай қаласында су спортына қызығатындар көбейіп келеді. Әсіресе ескек есіп, өзеннің баяу ағысымен серуен құруға құмар тұрғындардың қатары қалың. Тобылдың суына сапбордпен әріптесіміз Мәдина Нағашыбай да шығып, тың спорттың қыр-сырын байқап көрді.

Серфингтен ауылы алыс емес бұл спорт түрі Тобыл жағалауына Гавай аралдарынан араға 70-80 жыл салып келді. Осыдан 3 жыл бұрын Таися Березкина сапборд клубын құрды. Айтуынша, алғашында ниет білдірушілер аз болған. Ал қазір еліміздің түкпір түкіпірнен, тіпті шетелден келетіндер бар.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар