Жаңа оқу жылына дайындық қызу
Жаңа оқу жылының басталуына аз уақыт қалды. Қазір өңірдегі білім беру ұйымдарында қызу дайындық жүріп жатыр. Мектептерде жөндеу жұмыстары аяқталып, оқу кабинеттері ретке келтіріліп, балаларды қабылдауға қажетті жағдай жасалуда. Биыл облыста білім алатын оқушылар саны 150 мыңға жуықтайды. Оның ішінде 10 мыңнан астам бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, бірінші сыныпқа қабылданбақ. Жаңа оқу жылына дайындық барысында қандай жұмыстар атқарылды? Білім беру ұйымдары жаңа маусымды қаншалықты дайындықпен қарсы алмақ?