Негізгі Жаңалықтар Бас бостандығынан айырған кездесу

Бас бостандығынан айырған кездесу

Қостанай қаласының пробация қызметінің есебінде тұрып, бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеп жүрген азаматқа бұл кезең қоғамнан оқшаулаусыз түзелуге және заң талаптарын сақтауға ниетті екенін дәлелдеуге берілген мүмкіндік болды. Алайда ол оны пайдалана алмады.

Пробация қызметінің есебінде тұрған кезеңде жазасын өтеуші сот белгілеген талаптарды бірнеше рет бұзған. Тексеру барысында ол төрт рет тұрғылықты жерінде болмаған. Анықталғандай, ол жауапты қызметкерлерге ескертпестен қызымен кездесуге барған. Бір қарағанда, бұл жеке өмірге қатысты қарапайым жағдай болып көрінуі мүмкін. Алайда пробациялық бақылауда тұрған адам үшін белгіленген талаптарды бұзу елеулі салдарға әкелуі мүмкін. Тұрғылықты жерінде болмаған әрбір жағдай тіркеліп, сотталған азаматпен профилактикалық жұмыстар жүргізілгенімен, ол тиісті қорытынды жасамаған. Сонымен қатар, бұл жағдай оның бұрын жіберген қателіктерінің қайталануы болды. 2023 жылы да пробация қызметі есебінде тұрған. Сол кезеңде де белгіленген талаптарды бұзған, нәтижесінде шартты түрде соттау нақты жазаға ауыстырылған. Қоғамнан оқшаулаусыз түзелуге бірнеше рет мүмкіндік берілгеніне қарамастан, жазаны өтеу тәртібін қайта бұзған.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар