Ашық терезе – жасырын қауіп
Жаз мезгілінде балалардың терезеден құлап кету қаупі артады. Қостанай облысында жыл басынан бері осындай 13 жағдай тіркелген. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Дегенмен, барлық жағдайда балалар әртүрлі деңгейде жарақат алған.
Қауіптің алдын алу үшін төтенше жағдайлар қызметі тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Жыл басынан бері мамандар 466 рейд ұйымдастырылды. 9 мыңнан астам адамға жадынамалар таратылған. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде 149 жарияланым шықты. Ал бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарымен 79 кездесуі өткен.