Биыл 26 маусым – ерекше есте қаларлық күндердің бірі болды. Әдемі күнтізбе сәйкестігін таңдаған жүздеген жас жұбайлар дәл осы күні заңды некесін қидырды. Қостанай қаласында бір күннің ішінде 205 жұптың некесі тіркелді. Салтанат сарайы қызметкерлерінің айтуынша, ерекше датада неке қтию үшін өзге де қалалардан да көптеген өтінім келіп түскен.
Өтініштер 11 маусым күні қабылданған. Қазіргі таңда құжат қабылдау және рәсімдеу жұмыстарын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы басқармасында 8 маман жүргізіп жатыр. Қызметкерлердің бір бөлігі Қостанай ауданынан арнайы шақырылған.
Мемлекеттік баж салығының мөлшері 4 002 теңге. Тіркеу орнының маңызды шамалы екен. Қызмет алушылар арасында еліміздің әр өңірінен келген азаматтар, оның ішінде Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары, сондай-ақ Германия мен Ресей азаматтары да бар.
Мамандардың айтуынша, мұндай ерекше даталар жастардың отбасын құруға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, неке қию рәсімдеріне де мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Ал берік отбасының негізі күннің ерекшелігінде емес, өзара сыйластық, сенім мен жауапкершілікте екені сөзсіз.