Өлке тарихын зерделеудегі көне мерзімдік басылымдардың, мұрағат құжаттарының маңызын ашу, тарихи-мәдени мұраны насихаттау, рухани құндылықтарды сақтау және ұрпақ сабақтастығын нығайту. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде Көмбеден күмбірлеген мұрағат атты іс-шара өтті. 

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің ғалымдары 1895–1910 жылдары жарық көрген «Тургайская газета» беттеріндегі құнды материалдарды кітап етіп шығарды. Бүгін алғашқы екі томның тұсаукесері өтті.

Бұл басылым Торғай өңірінің қоғамдық өмірін ғана емес, қазақ халқының тарихын, этнографиясын, фольклорын, жер-су атауларын және рухани мұрасын қамтыған бірегей тарихи дереккөз саналады.

XIX ғасырда жарық көрген газеттің кейбір сандары ескі славян әліпбиімен басылған. Қазір ғалымдар оларды қазіргі кирилл қарпіне аударып жатыр. Газет беттерінде қазақ тіліндегі аңыздар, ертегілер, мақал-мәтелдер мен фольклорлық мұралар да жарияланған. Соның ішінде 1895 жылы Ахмет Байтұрсынұлының алғашқы 

жарияланымдарының бірі – «Киргизские приметы и пословицы» мақаласы осы газетте жарық көрген.

Бүгінде архив қорында сақталған «Тургайская газета» сандары зерттеушілер үшін құнды тарихи дереккөзге айналып отыр. Газеттің түпнұсқа сандары Санкт-Петербург қаласында сақталған. Жергілікті ғалымдар басылымды сегіз том етіп шығаруды жоспарлап отыр. Бүгін алғашқы екі томның тұсаукесері өтті. Жинаққа өңір тарихына қатысты ең құнды материалдар енгізілген.