Жұмыссыз азаматтар жаңа мамандықты тегін меңгеріп, мемлекеттен қаржылай қолдау ала алады. Ол үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүзеге асырып жатқан қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бағдарламасына қатысу жеткілікті. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі мәлім етті.
Министрлігі жұмыссыз азаматтарға арналған қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бағдарламасын іске асырып отыр. Оқу мерзімі - 6 айға дейін. Сондай-ақ, оқуды жұмыс берушіде тікелей өндірістік ортада өтуге болады. Бұл ретте, айына 86 500 теңге жалақы қарастырылған. Сонымен қатар, Skills.enbek.kz порталы арқылы онлайн біліктілікті арттыруға мүмкіндік бар. Жыл басынан бері 37 мыңнан астам адам осы платформа арқылы оқыған. Айта кетейік, Қазақстанда 2026 жылғы I тоқсанда жұмыссыздық деңгейі 4,5% болған.