Мемлекет басшысы жаңа заңға қол қойды. Енді мұғалімдер оқушылардың қауіпсіздігіне тек оқу процесі мен мектеп тарапынан ұйымдастырылатын іс-шаралар кезінде ғана жауап береді. Ал сабақтан тыс уақытта балалардың өмірі мен денсаулығына жауапкершілік ата-аналарға жүктеледі.Бұған дейін балалардың тәртібі мен қауіпсіздігіне ата-аналармен қатар мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер де жауапты болатын. Енді жаңа заңға сәйкес педагогтердің міндеті оқу процесі мен мектеп ұйымдастырған іс-шаралар аясымен шектеледі. Ал сабақтан тыс уақытта кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне заңды өкілдері жауап береді.
Ал, жазғы демалыс кезінде полиция қызметкерлері балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуде. Өткен аптада өңірде жүргізілген рейдтер барысында түнгі уақытта көшеде жүрген 60 шақты жасөспірім анықталған. Сондай-ақ бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін орындамаған ата-аналар әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Тәртіп сақшылары ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.
Айта кетейік, жазғы демалыспен қатар жаңа оқу жылына дайындық та басталып кетті. Елімізде бірінші сыныпқа құжат қабылдау науқаны жүріп жатыр. Қостанай облысында өтінімдер 18 маусымнан бастап қабылданады.сылайша, жаңа заң балалардың қауіпсіздігіне қатысты міндеттерді нақтылап берді. Оқу процесі аяқталғаннан кейін оқушылардың өмірі мен денсаулығына ата-аналар жауапты болады. Сондықтан жазғы демалыс кезінде балаларды қараусыз қалдырмай, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру маңызды.