Алдағы күндері Қостанай өңірінде күн айтарлықтай ысиды. Сынап бағанасы 30 градусқа дейін көтеріледі. Дәрігерлер мұндай кезде тұрғындарды сақ болуға шақырады. Ал қостанайлықтар аптаптан қорғанудың түрлі тәсілдерін қолдануда.
Маусым айының ортасында күн райы одан әрі ысуы мүмкін. Алдағы күндері ауа температурасы 27 градустан төмен түспейді. Медицина мамандарының айтуынша, аптап ыстық кезінде адам ағзасына түсетін салмақ артады. Әсіресе жүрек-қан тамыр жүйесіне күш түседі. Сондықтан мұндай күндері қарапайым сақтық шараларын ұстану маңызды.
Дәрігерлер осындай қарапайым ережелерді қатаң сақтауға кеңес береді. Су ішу режимін бұзбаудан бөлек, ашық түсті киім кию және мүмкіндігінше көлеңкеде болу. Бұл шаралар күннің зиянды әсерінен қорғайды.
Сауалнама нәтижесіне сәйкес, қостанайлықтар аптап ыстықтан әртүрлі жолмен қорғанады. Бірі көлеңке іздесе, бірі салқын сусын ішеді.
Аптап ыстықта ең бастысы – денсаулыққа бей-жай қарамау. Қарапайым сақтық шараларын ұстану арқылы күннің зиянды әсерінен сақтануға болады. Мамандар тұрғындарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырады.