Қостанайда тағы бір халықаралық әуе рейсі ашылды. Енді аймақ тұрғындары Ташкент–Қостанай–Ташкент бағыты бойынша тікелей жергілікті әуежай арқылы қатынай алады. Бұл бағытта жолаушыларды «Centrum Air» АҚ әуе тасымалдаушысы орындайды. 

Бұл – қостанайлықтардың көптен күткен бағыты. Ташкент–Қостанай-Ташкент халықаралық әуе рейсі енді әр сенбі сайын қатынайтын болады. Алғашқы рейстің өзі 60 пайызға толған.  

Жаңа бағыт Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы іскерлік, туристік және мәдени байланыстарды дамытуға қосымша мүмкіндіктер ашып отыр.

Алғашқы рейсті қостанайлықтар оркестрмен күтіп алды. Ташкент–Қостанай-Ташкент бағытындағы тікелей рейстің ашылғанына көпшілік дән риза. Халықаралық рейспен сенбі күні 100-ге жуық жолаушы Ташкенттен келсе, кейін қарай 130-ға жуық жолаушы ұшып кетті.