Островский атындағы кітапханада «Қостанай» телеарнасының 35 жылдығына арналған оқырмандармен кездесу өтті. Іс-шараға қала тұрғындары, телеарна тілшілері және кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Қонақтарға телеарнаның қалыптасу тарихы, даму жолы және әр жылдардағы ең жарқын жобалары таныстырылды.
35 жыл ішінде телеарна өңірдегі маңызды оқиғаларды көрерменге жеткізіп келеді. Осы уақыт аралығында технологиялар мен хабар тарату форматы өзгерді. Алайда басты мақсаты өзгерген жоқ. Ол – өңір тынысын көрсетіп, халыққа шынайы ақпарат ұсыну. Кездесуде қатысушылар облыстық телеарнаның қалыптасу кезеңдерін еске алды. Телеарна осы уақыт ішінде қостанайлықтардың еңбек жетістіктерін, мәдени өмірін және маңызды қоғамдық бастамаларын кеңінен насихаттап келеді. Бүгінде де «Қостанай» телеарнасы көрермен сенімінен шығып, аймақтың басты ақпарат көздерінің бірі болып қала беруде.