Қостанай облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.
Департамент мәліметінше, тергеу аясында айыпталушылар - 47 жастағы Жәния Мұқашева, 49 жастағы Әлия Молжігітова, сондай-ақ басқа адамдар бар. Күдіктілер 2025 жылдың маусымынан 2026 жылдың мамырына дейін азаматтар қаражатын «CVK» қаржы пирамидасына инвестиция жасау түрінде тартқан. Осыған байланысты Экономикалық тергеу департаменті аймақ тұрғындарына жүгініп отыр. «CVK» қаржы пирамидасының қызметі салдарынан материалдық залал келтірілген азаматтарды Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне хабарласуды сұрайды.