Өңірлерде шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жалғасуда. 11 маусымдағы жағдай бойынша 954 мың гектар немесе болжанған аумақтың 43%-ы өңделді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлім етті.

Жалпы алғанда, биыл 2,2 млн гектар жерді өңдеу жоспарланған, 2024 жылмен салыстырғанда 30%-ға аз. Бұл Үкіметтің қолдауымен жүргізілген кешенді жұмыстардың және өсімдіктерді қорғау жүйесіндегі елеулі өзгерістердің нәтижесі. Желдеткіш бүріккіштердің өнімділік нормалары қайта қаралып, көрсеткіш 100 гектардан 70 гектарға дейін төмендетілді. Бұл тартылған техниканың санын 556 бірлікке арттыруға мүмкіндік берді, яғни 2025 жылмен салыстырғанда 25%-ға көп. Сонымен қатар, фитосанитариялық қызметтің техникалық паркі жаңартылып, 103 дрон сатып алынды. Оның 57-сі мониторинг жұмыстарына, 46-сы химиялық өңдеу жүргізуге арналған. Шегірткеге қарсы күрестің тиімділігін арттыру мақсатында «FITOCENTRE» қосымшасы іске қосылды. Өңірлердегі жедел штабтар штаттық режимде жұмыс істеуде, делінген хабарламада.